Авторларға арналға ереже

Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің «Шығыстың аймақтық хабаршысы» ғылыми журналының авторларына арналған ереже

«Шығыстың аймақтық хабаршысы» ғылыми журналы С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекетік университетінде 1999 жылдан бастап шығарылады.

Журнал тоқсанына бір рет шығады және келесі тараулардан тұрады: техника, технология және физикалық-математикалық ғылымдар, жаратылыстану ғылымдары және медицина, қоғамдық және гуманитарлық ғылымдар, психологиялық-педагогикалық ғылымдар.

Жариялауға ұсынылған материалдарғақойылатын талаптар:

  1. Берілген тақырып бойынша қазіргі заманғы білім деңгейін қамтып көрсету, ғылыми-техникалық сауалдары білікті түрде ұсыну, ықшамды және әдеби, мазмұнғасапалы суреттерге ие болуы қажет.
  2. Мақалалар бір данада ұсынылады. Мақаланың көлемі компьютермен терілген мәтінінде 10 беттен аспауы керек (шолу сипаттағы мақалалар – 15 б. дейін),жиектері: жоғары және астыңғы жақтары– 2,0 см, сол және оң жақтары – 2,0 см., Times New Roman 14 шрифтімен, аралық интервал – 1 см., ені бойынша теңестіру арқылы Word 2007 редакторында басылуы тиіс. Азат жол– 1,25 см. Суреттер саны бестен аспауы керек. ӘОЖ индексін мақаланың сол жақ үстіңгібөлігінде көрсету қажет. Одан кейін беттің ортасына әріптермен (майлы қаріппен) авторлардың аты-жөні және тегі, келесі жолдан кіші әріптермен жұмыс жасалған ұйымның атауы, қаласы мен мемлекеті, сонымен қатар келесі жолда ортасына бас әріптермен мақала атауы жазылады. Артынша негізгі мәтіннің алдында мақаланың атауымен бірге қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде мақалатақырыбыменөзектілігі, мақсаты туралы ақпараткөрсетілгенаңдатпа көрсетілуі керек (3-4 сөйлем), сондай-ақ, 5-10 сөзден тұратын түйін сөздер ұсынылады.
  3. Жеке бетте автор(лар)дыңқолы қойылған мәліметтер – әр автордың аты, жөні, тегі, ғылыми дәрежесі мен лауазымы, негізгі жұмыс орны, қызметі, сондай-ақ үйінің, жұмыс орнының немесе ұялы телефондары, факсы, E-mail, пошта мекенжайы (редакциямен байланысу үшін) көрсетілген анықтама болуы тиіс.
  4. Электрондық нұсқасы ұсынылады: бір файлға қоса тіркелген мақала, авторлар туралы мәлімет, мөр басылған рецензиялардың сканерленген нұсқасы, сонымен қатар төлемақы туралы түбіртектің сканерленген нұсқасы – авторлардың А.Ж.Т. көрсетілген CD-дискіде немесе редакцияның электрондық поштасынаrvv_vkgu@mail.ru жіберіледі.
  5. Әдебиет көздеріне сілтемелер мәтінде қолдану реті бойынша сандармен тік жақшаларда беріледі. Әдебиеттер тізімі МемСТ 7.1-2003 «Библиографилық жазу. Библиографиялық сипаттама. Құрастырудың жалпы ережелері мен талаптары» сәйкес әзірленеді.

Әдебиет тізімінен кейін SCOPUS және басқа да дерекқорлар үшін роман алфавитімен (References) әдебиет тізімінің толық бөлек топтамасы келтіріледі, шетелдік көздер болуына қарамастан әдебиет тізімінің орыс тілді бөлімі қайталанады. Егер де тізімде шетелдік жарияланымдарға сілтемелер болса, олар романдық алфавитте (латын әліпбиі) толығымен тізімде қайталанады.

References-те бөлу белгісі қолданылмайды («//» және «-»). Әдебиеттік көздер атаулары және шығу мәліметтері авторлардан шрифт түрімен шектеледі, көбінесе курсивпен, нүкте немесе үтірмен.

Библиографиялық сілтеменің құрылымы: авторлар (транслитерация), көздер атауы (транслитерация), шығу мәліметтері, жақша ішінде мақаланың тілін көрсету қажет.

Ресейлік аударылмалы журналдар мақалаларына сілтеме мысалы:

Gromov S.P., Fedorova O.A., Ushakov E.N., Stanislavskii O.V., Lednev I.K., Alfimov M.V., Dokl. Akad.Nauk SSSR, 1991, 317, 1134-1139 (in Russ).

Мақала авторларынан барлық материалды бір файлда тапсыру және мақаланыәзірлеу кезіндеЕрежелерге сай рәсімдеулерін сұраймыз.

 Мақаланы рәсімдеу мысалы:

  • әмбебап ондық жіктеу кестесі бойынша ӘОЖ;
  • беттің ортасына бас әріптермен (майлы қаріппен) авторлардың аты-жөні және тегі;
  • беттің ортасына кіші әріптермен жұмыс жасалған ұйымның атауы және қала мен мемлекет;
  • ортасына бас әріптермен мақала атауы;
  • мақаланың атауымен бірге қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде мақалатақырыбы мен өзектілігі, мақсаты туралы ақпараткөрсетілген аңдатпа (3-4 сөйлем), 5-10 сөзден тұратын түйін сөздер
  • мақала мәтіні;
  • МемСТ 7.1-2003 сәйкес рәсімделгенқолданылған әдебиеттер тізімі;
  • бөлек бетте автор(лар) туралы мәліметтер көрсетілген анықтама болуы керек, онда автор(лар)дың қолы қойылады;
  • мақалаға міндетті түрде ғылым докторының немесе кандидатының ішкі және сыртқы сын пікірі тіркеледі, онда пікір беруші жұмыс істейтін ұйымның мөрі болуы қажет;
  • төлемақы туралы түбіртектің сканерленген нұсқасы.

Редакция мақалаларды әдебиеттік және стилистикалық өңдеумен айналыспайды. Талаптарға сай рәсімделмеген мақалалар жарияланымға қабылданбайды және қайтарылмайды.

Шет тілінде жазылған мақалалар тегін қабылданады.

Мекенжай және төлеуге арналған реквизиттер

070019, Өскемен қ., Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті, Қазақстан көшесі, 55 (әкімшілік ғимараты), ҒЗЖ ұйымдастыру бөлімі. Тел.: 8(7232) 241-401, ішкі.135, e-mail: rvv_vkgu@mail.ru. «Шығыстың аймақтық хабаршысы» журналына жариялауға арналған мақала – деген белгімен.

Журналда мақаланы жариялау үшін ұйымдастыру жарнасының мөлшері бір мақала үшін 2500 теңге төлемақыны «Шығыстың аймақтық хабаршысы» журналына жариялауға арналған» деген міндетті белгімен банк реквизиттері бойынша шотқа аудару керек:

  • теңгеде есеп айырысу шоты: «Банк Центр Кредит» ШҚО филиалы, СТН 181800014976, ЖСК KZ318560000003051443, БЖК KCJBKZKX, БСН 990240007414, БК 16:«С. Аманжолов атындағы ШҚМУ» ШЖҚ РМК.

Журналда мақаланы жариялау үшін ұйымдастыру жарнасының мөлшері бір мақала үшін 800 рубльде төлемақыны «Шығыстың аймақтық хабаршысы» журналына жариялауға арналған деген міндетті белгімен банк реквизиттері бойынша шотқа аудару керек:

  • рубльде есеп айырысу шоты: «БТА банкі» ШҚО филиалы, СТН 181800014976, ЖСК KZ23319B010000335286, БЖК ABKZKZKX, БСН 990240007414, БК 16: «С. Аманжолов атындағы ШҚМУ» ШЖҚ РМК.

Журналда мақаланы жариялау үшін ұйымдастыру жарнасының мөлшері бір мақала үшін 20 долларда төлемақыны «Шығыстың аймақтық хабаршысы» журналына жариялауға арналған деген міндетті белгімен банк реквизиттері бойынша шотқа аудару керек:

  • долларда есеп айырысу шоты: «Банк Центр Кредит» ШҚО филиалы, СТН 181800014976, ЖСК KZ538560000003051726, БЖК KCJBKZKX, БСН 990240007414, БК 16: «С. Аманжолов атындағы ШҚМУ» ШЖҚ РМК.